24.04.2020 | Администратор
Ерке Есмехан, Қазақстан эстрадасындағы ең танымал әртістердің бірі. Жақында Ерке Есмахан (@erke_esmahan) өкілдері ағзаның толық медициналық тексеруінен өту үшін Оңтүстік Кореяға медициналық тур ұйымдастыру туралы өтініш білдірді. Біздің компаниямызға қазақстандық әнші бұған дейін осында емделуге келген достарының кеңесімен шықты.
Әдеттегідей біздің координаторлар қонақ үйді, көлікті брондап, қолайлы аурухана мен медициналық тексеру бағдарламасын таңдады, әуежайда уақытты зая кетірмеу үшін ұшып келген соң толтырылуы керек құжаттарды алдын ала берді, медициналық тексеру өтер алдында қандай заттар жасау керек екеніне нұсқау берді, Қазақстандық дәрігерлердің медициналық тексеру қорытындысын аударып берді. Алдын ала жоспарланғанындай, біз Ерке Есмаханды Сеулде күтіп алып, интернетке қол жетімді болу үшін бірден вайфай роутерді бердік. Бұл жолы таңдау Ханьянг ауруханасына тоқталды.
Айтпақшы, Ханьянг ауруханасы Кореяның денсаулығын нығайту қауымдастығының бағалауы бойынша ең жақсы медициналық көмек орталығы дәрежесіне ие болды. Аурхана басқа медициналық мекемелермен берік серіктестік қарым-қатынас орнатқанын және мұның басты мақсаты - халықаралық науқастарға профилактикалық емдеу мен жеке күтімді ұсыну екендігін атап өткен маңызды.
Ерке Есмахан әпкесімен бірге Алматыдан таңғы рейспен ұшып келді. Оларды әуежайдан біздің координаторлар жеке көліпен күтіп алды. Ұшып келе сала біздің координаторлар интернет қол жетімді болу үшін вайфай роутерді ұсынды. Бірінші күні біз Сеул қаласын біраз көрсете алдық, сондай-ақ жергілікті көрнекті жерлерге бардық. Медициналық тексеру келесі күнге жоспарланды.
Тексеру таңертең басталу керек болатын, сондықтан біз Ерке Есмаханға оны таңертең 7.30-да келеміз, ал тексеру таңертең 8.30-да басталады деп ескертіп айттық. Бауыр функциясы, қан айналымы жүйесі аурулары, қант диабеті, бүйрек қызметі, подагра, электролиттер, қалқанша безінің қызметі, лейкемия, жалпы қан аурулары, анемия, ұйқы безінің қызметі, жұқпалы аурулар, А гепатиті, В гепатиті, С гепатиті үшін тесттер өткізілді. Сондай-ақ, аппараттық тексерулер жасалды (бой, салмақ, есту қабілеті, дене құрамы, көз іші қысымы, фундус фото, ЭКГ, кеуде қуысы, өкпе қызметі). Онко маркерлер (бауыр, ішек, ұйқы безі, аналық без ісігі), қалқанша безінің гормоны. Эндоскопиялық зерттеу: гастроскопия, құрсақ қуысының ультрадыбысы, өкпенің КТ. Бұл кореялық дәрігерлер жүргізетін барлық зерттеулердің толық тізімі емес. Ерке Есмахан барлық тексеруді 3 сағатта өттік!
- Оңтүстік Кореяда толық медициналық тексеру өтуге шешім қабылдадым. Бұған маған Казмедикор компаниясы көмектесті. Компанияны достарымның кеңесі бойынша таптым. Және мен қателеспедім – деді Ерке Есмахан.
Медициналық тексеруден кейін, келесі үш күнде біздің Сеулдегі «Казмедикор» тобы Ерке Есмаханмен бірге жүріп оған көмектесті. Арнайы туристтік бағдарлама дайындалды. Біздің қонағымыз үйіне оралғаннан кейін, бір апта ішінде барлық анализдердің нәтижелері орыс тіліне аударма жасалды. Орыс тіліне аударылған дәрігердің қорытындысы, сондай-ақ тесттер мен суреттер жазылған дискіні, біз Ерке Есмаханға электронды пошта арқылы, сонымен қатар басып шығарылған қағаз күйінде EMS арқылы жібердік.
Біз әр науқасқа үлкен көңіл бөлеміз. Себеі адамдар бізге ем алуға келетіні және олардың ең құндысы - денсаулығын сеніп тапсыратынын біз түсінеміз. Сондай-ақ, біз сізге Оңтүстік Кореяға барып, ем алуды немесе медициналық тексеру сапарын ұйымдастыра аламыз! Бізне сенім артсаңыз, еш нәрсені уайымдамауға болады! Егер сұрақтарыңыз болса,біздің координатор сізге кеңес беруге дайын. Біздің ватсап + 7 702 500 46 91