03.04.2020 | Администратор
Қайрат Құдайберген Оңтүстік Кореяға бірнеше рет келді, және біз әрдайым оған және оның отбасына медициналық тексеруді ұйымдастырып, көмектесуге қуаныштымыз. Бұл жолы біз екі түрлі қалада бірден екі қонақ үйге бронь жасадық: Сеул және Инчхон. Инчхонда Қайрат Құдайберген мен оның жұбайы медициналық тексерілуден өтіп, Сеулде аздап серуендеп, қаланы көру керек болатын. Біз алдын-ала қонақ үйді, көлікті, медициналық тексерілуден өтетін күнді броньдап (бағдарламаны және аурухананы бірге таңдадық),әуежайда уақытты зая кетірмеу үшін, келгеннен кейін толтырылуы қажет құжаттарды алдын -ала дайындадық және медициналық тексерілуден өтпес бұрын не істеу керектігі туралы нұсқау бердік. Ұшып келген соң оларды Сеулдегі команда қарсы алып, олар өздерінің туыстарымен және жақындарымен үнемі байланыста болу үшін шексіз Интернеті бар вайфай роутер берді.
Сонымен, біздің "Казмедикор" командасы Қайрат пен Әлияны Инчхон қаласының әуежайында қарсы алған соң, қонақ үйге орналасып, біраз демалып алған соң, біз олармен бірге «Tami» пластикалық хирургия клиникасына бардық. Ол жерде Қайрат Құдайберген мен Әлия эстетикалық процедуралардан өтті. Барлық анализдерді тапсырғаннан кейін, бас 3D сканерлеу өткеннен кейін, бірден аурухананың бас дәрігері өз дәрігерлік кеңесін берді.
Сонымен қатар, Қайрат Құдайберген Қазақстанмен болашақ ынтымақтастық туралы іскерлік әңгіме өткізіп үлгерді. Бұның негізі салынды. Енді кесте бойынша Наын ауруханасында толық медициналық тексеру және "Oracle"Дерматология клиникасында қосымша процедуралар тұр.
Біздің бағдарламамыздың екінші күні Қайрат Құдайберген толық медициналық тексеруден өту үшін Наын ауруханасына барды.Бауыр функциясы, қан айналымы жүйесі аурулары, қант диабеті, бүйрек қызметі, подагра, электролиттер, қалқанша безінің қызметі, лейкемия, жалпы қан аурулары, анемия, ұйқы безі, жұқпалы аурулар, А гепатиті, В гепатиті, С гепатитіне тесттер өткізілді.
Сондай-ақ, аппараттық тексеру жасалды (бойы, салмағы, есту қабілеті, дене құрамы, көз іші қысымын өлшеу, фундус фото, ЭКГ, кеуде қуысының рентгенографиясы, өкпе қызметі, ішкі құрылыс УДЗ).Сонымен қатар, кореялық дәрігерлер жүректің УДЗ, жүректің КТ (компьютерлік томография), МРТ, ми доплері, каротид артериясының УДЗ, атеросклероз тексеру және тағы басқа тексерулер жасады.Бұл кореялық дәрігерлер әдетте жүргізетін барлық зерттеулердің толық тізімі емес. Барлық тексеру 3 сағатта аяқталды!
Біздің турдың тағы бір пункті "Оракл" дерматологиялық клиникасы болды.Қайрат Құдайберген үшін клиника мамандары ауа-райының өзгеруі кезінде құрғақ және сезімтал теріні ылғалдандыруға, терінің кератинін кетіруге, ағартуға және терінің серпімділігін жақсартуға көмектесетін PHA Phil + Seleklaser (Fraxel лазерінің бір түрі) қолданды.Сонымен қоса,тері ұлпасын қалпына келуін белсендіреді.Нәтиже барлық процедуралардан өткеннен кейін бірден байқалды.
Қайрат Құдайбергеннің жұбайы үшін олар иондар мен лазерді қолданды. Ауруханада бұл процедура теріні ағартуға көмектеседі, терінің қалпына келуін ынталандырады, майда әжімдерді кетіреді, серпімділік береді, токсиндерді кетіреді, сонымен қатар пигментті жақсартады деп түсіндірді.
Бұл Қайрат Құдайбергеннің Оңтүстік Кореяға алғашқы сапары емес, және әрдайым өзінің денсаулығын бізге сеніп тапсыратыны үшін қуаныштымыз.
Біз әр науқасқа үлкен көңіл бөлеміз. Себеі адамдар бізге ем алуға келетіні және олардың ең құндысы - денсаулығын сеніп тапсыратынын біз түсінеміз. Егер сұрақтарыңыз болса, біздің координатор сізге кеңес беруге дайын. Ватсапқа жазыңыз + 7 702 500 46 91