📍 Сеул, Оңтүстік Корея

Ёнсе Университетінің Северанс Ауруханасы

SEVERANCE HOSPITAL YONSEI UNIVERSITY

Клиника туралы

Ёнсе университетінің Северанс ауруханасын 1885ж. Американдық миссионер дәрігер Аллен құрған. Бұл Кореядағы алғашқы мемлекеттік батыстық үлгідегі медициналық мекеме болды.
Северанс ауруханансының негізі Кореядағы медицинаны дамытудағы үлкен сәтке айналды. Аурухана тез дамып, елдегі үздік және озық медициналық мекеме болды.
Кореяда алғаш рет Северанс ауруханасы JCI брендті сертификатын алды. Клиника Ubiquitous Computing компьютерлік жүйесімен қамтамасыз етілген және мұнда Азиядағы ең озық робототехнологияларды қолдану арқылы хирургиялық операциялар жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Северанс ауруханасы - медицинаның барлық салаларында заманауи әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары білікті көмек көрсететін Азиядағы ең ірі көпбейінді аурухана. Бұл - Оңтүстік Кореяның "бірінші нөмірлі клиникасы".
Северанс ауруханасы тұтас медициналық қалашық (120-дан астам ғимарат) болып табылады және құрамында 60 мамандандырылған бөлімше және 5 орталық бар: трансплантология орталығы; Гастроэнтерология орталығы, Нейрохирургия орталығы, онкологиялық орталық, офтальмология және отоларингология орталығы, жүрек-қантамыр клиникасы, педиатриялық клиника, оңалту клиникасы, сондай-ақ "да Винчи роботы" роботтандырылған шағын инвазивті операциялардың халықаралық тренингтік орталығы, онда жыл сайын Еуропа мен Азия-Тынық мұхит аймағының хирургтері оқудан өтеді.

Пациенттерге арналған шарттар

Виза
Сұраныс бойынша
Трансфер
Сұраныс бойынша
Төлем
Қолма-қол ақша / банк картасы (VISA, MasterCard)
Құжаттар тілі
Корей тілі, Ағылшын тілі

Емдеу және бағалар

Клиника дәрігерлері 4

Check-up бағдарламалары

Өзекті бағасын менеджерден немесе үйлестірушіден нақтылаңыз

Брошюралар мен құжаттар

Бейне

Тегін кеңес

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз — үйлестіруші жұмыс күні ішінде хабарласады.

Батырманы басу арқылы сіз байланыс деректерін өңдеуге келісесіз. немесе қоңырау шалыңыз +7 747 585 70 91