09.12.2020 | Info Kazmedikor
Достар , міне Мейржан Туребаев пен Дана Есееваның бейне пікірі дайын. Бейне ролик арқылы сіз олардың Наын ауруханасында өткен медициналық тексеру бағдарламасының аз ғана бөлігін көре аласыз. Үш сағат ішінде кезексіз және күтусіз олар барлық дәрігерлерден өтіп, барлық қажетті медициналық тексерулерден өтті. Олардың тексеру бағдарламасы " Special 2" деп аталады және седативті гастроскопияны, қалқанша безінің ультрадыбысын, каротид артериясының ультрадыбысын, простатикалық ультрадыбысты (Мейіржан үшін) және сүт бездерін (Дана үшін) қамтиды. Сонымен қатар, кореялық дәрігерлер Данаға жатыр мойны обырына тест жасады, бүйрек, өкпе, жүрек функцияларын тексерді және басқа да көптеген тексерулерден өткізді. Егерде сіз Кореядағы медициналық тексеруге байланысты толығырақ ақпарат алғыңыз келсе, бізге хабарласыңыз. Егер сіз Оңтүстік Кореямен байланысты соңғы жаңалықтардан хабардар болғыңыз келсе, Алматыда туризмді дамыту жөніндегі ұлттық ұйымның @kntoalmaty парақшасына тіркелуді ұсынамыз.Олардың парақшасынан әрдайым пайдалы ақпарат табуға болады.
Медициналық чекап дегеніміз ағзаны толықтай тексерудң білдіреді. Мысалы, кореялық дәрігерлер бір қан анализінен 70-ке дейін әртүрлі нәтиже шығара алады, соның ішінде қатерлі ісік ауруының пайда болу мүмкіндігі туралы болжам жасай алады. Бұл тек медициналық тексеру ғана емес, ағзаның бүкіл жағдайын толық бағалау.
Оңтүстік Кореяда медициналық тексеру ұзақтығы-3 сағат. Осы уақыт ішінде адам кезексіз және барлық мамандардан тексеруді қолайлы өтеді. Нәтижелер бір апта ішінде дайындалады, содан кейін дәрігермен қорытынды кеңес алу үшін жалпы баға мен ұсыныстар беріледі. Егер ауру анықталса, дәрігер дереу тиісті емді тағайындай алады. Егер науқас нәтижелерді күте алмаса, онда орыс тіліне аударылған тексеру нәтижелері оған электронды поштаға, сондай-ақ үйге жіберіледі.
Біздің координаторларымыз 24 сағат бойы және кез-келген сұраныс бойынша қол жетімді және әрдайым науқасқа жедел кеңес береді.Біздің үлкен артықшылығымыз – біздің команда Оңтүстік Кореяда және біз оларға кез келген уақытта көмек көрсете аламыз.
Оңтүстік Кореяда өте қымбатқа және сонымен қоса арзан бағаға да ем ала аласыз. Біз адамдардың тым ем алуға тым көп төлегенін емес, керісінше нақты сәйкес бағаны төлегенін қалаймыз. Біз әлемдік деңгейдегі медицина әркімге қолжетімді болуы тиіс деп санаймыз. Сондықтан біз адамдарға ауруханалар, олардың емдеу бағдарламалары туралы ақпарат береміз, сондықтан олар өздері үшін ең қолайлы нұсқаны таңдай алады.