18.01.2024 | Администратор
Check-up - ықтимал ауруларды ерте анықтауға және жалпы денсаулықты сақтауға бағытталған кешенді медициналық тексеру. Тұрақты тексерулер сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасаудың жоғарғы деңгейін көрсетеді.
Әдетте Кореяда check – up 3 сағатқа созылады. Төменде міндетті болып табылатын талдаулардың тізімін ұсынамыз:
- Жалпы қан анализі, қант диабетіне, А, В, С вирустық гепатиттеріне қан анализі
- зәр анализі, зәрдің тығыздығы, ақуыз, глюкоза, уробилиноген
- Ісік маркерлері
- Ревматоидты фактор сынағы, бүйрек қызметі, қалқанша безінің қызметі, ағзадағы қабыну процестері
- мерезге және ЖҚТБ-ға тексеру
- турберкулезге, өкпе обырына, өкпе және бронх ауруларына тексеру
- Демікпені тексеру
- миокард инфарктісін, аритмияны және жүректің басқа да патологияларын анықтау
- Көру, көзішілік қысымды тексеру
- Қабырға мен плевраның күйін тексеру
- Сіздің биологиялық жасыңызды анықтау
- Есту қабілетін тексеру
- Бауырды, асқазанды, он екі елі ішекті тексеру қабынуды, жараларды, қатерлі ісіктерді анықтау
- жатыр мойны обырын тексеру
- Сүт безі обырын тексеру, сондай-ақ сүт бездерінің қатерсіз түзілімдері және т. б
Сонымен қатар, пациенттің қалауы бойынша осы тізімге талдаудың басқа түрлерін қосуға болады.
Біз әрқашан сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін ең жақсы клиникаларды таңдауда және бүкіл сапарды, соның ішінде рейсті, тұруды, көлікті және т.б. ұйымдастыруда кәсіби көмек көрсетуге дайынбыз. Денсаулығыңызды өз ісінің мамандарына сеніп тапсырыңыз. Kazmedikor -ды таңдағандарыңызға рахмет!