17.04.2020 | Администратор
Достар, өткен жылы бізге танымал актер, блогер, Мейржан Туребаев және оның жұбайы Дана Есеева келді. Қонақ үйді, көлікті брондап, қолайлы аурухана мен медициналық тексеру бағдарламасын таңдадық, әуежайда уақытты зая кетірмеу үшін ұшып келген соң толтырылуы керек құжаттарды алдын ала бердік, медициналық тексеру өтер алдында қандай заттар жасау керек екеніне нұсқау бердік, Қазақстандық дәрігерлердің медициналық тексеру қорытындысын аударып бердік, сондай-ақ Сеулдегі біздің координаторларды хабардар еттік.Сеулде күтіп алдық, және науқастардың интернетке байланысы болу үшін бірден вайфай роутер бердік. Бұл жолы, медициналық тексеру Наын ауруханасында ас қорыту жүйесін тексеруге бағытталған.
На следующий день Мейржан Туребаев и Дана Есеева поехали в больницу. Чекап Келесі күні (7.30) басталды. Біз "Наын" ауруханасында "Special 2" бағдарламасы бойынша тексеруден өтуді ұсындық, себебі ол бойынша бауыр/ бүйрек, қалқанша/ ұйқы безінің қызметін тексереді, диабетке, анемияға, жұқпалы ауруларға, А. Б. С гепатитіне, қан айналымы жүйесінің ауруларына, подаграға, электролитке, лейкемияға, жалпы қан аурулары тексеріледі.
Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша корей дәрігерлері көз ішкі қысымын, фундусты тексереді, міндетті түрде кеуде клеткасының рентгенін жасап, өкпені зерттейді. "Special 2" бағдарламасында ішкі құрылыс, қалқанша безі, каротидті артерия, қуық асты безі УДЗ, денситометрия(сүйек тығыздығын анықтау) қарастырылған, сондай-ақ NK VueKit жүргізіледі. Әйелдерге қосымша сүт бездерін УДЗ, жатыр мойны қатерлі ісігіне тест және маммография жасайды. Ал гастроскопия мен колоноскопияны седациямен барлығы өтеді. Адам зондты жұтқан кезде ол седативті наркозда болады (терең ұйқы), соның арқасында асқазанда жағымсыз сезімдерді болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл медициналық тексерудің толық бейне ролигын жақын арада біздің YouTube-каналымызда көруге болады. Барлық медициналық тексерулер 3 сағатта аяқталды. Егер сізде Оңтүстік Кореядағы скрининг немесе емделуге қатысты сұрақтарыңыз болса, біз сізге жауап беруге және кеңес беруге дайынбыз.
Зерттеу нәтижелерін Мейржан Туребаев және оның жұбайы Дана Есеева 2 апта ішінде алды. Дәрігердің барлық тұжырымдары орыс тіліне аударылып, Қазақстанға жіберілді. Біз дереу сол жерде анализдер мен суреттер жазылған дискіні шығардық. Егер адам дәрігердің кеңесін ала алмаса, онда барлық мәліметтер оған электрондық пошта арқылы немесе үйге EMS арқылы жіберіледі.
Әрі қарай, Мейржан Туребаев пен Дана Есеева Сеулге барды, олар үшін қалалық тур бағдарламасын дайындадық. Олар Кёнбоккун сарайын аралап, корейлердің дәстүрлі киімдерін киіп көрді, Сеулдегі ең биік нүктені (Лотте мұнарасындағы) аралап көрді, «Нанта шоу» аспазшыларымен театрландырылған қойылымды тамашалады, сонымен қатар үлкен EDC дискотекасында керемет кеш өткізді. Electric Daisy Carnival (EDC) — жыл сайынғы әлемдегі ең үлкен электронды би музыкалық фестивальдерінің бірі. Бұл әуе көріністері мен барабандарда ойнаумен, алаулармен және акробаттармен бірге жүретін нағыз карнавал. Біз туристеріміз Сеул және Инчхон қалаларының барлық туристік жерлерін көруге және көруге болатындай етіп арнайы осы мақсатта жеке көлік жалдадық.Олардың қастарында біздің координаторлар әрдайым көмектесіп жүрді.
Біз әр науқасқа үлкен көңіл бөлеміз. Себеі адамдар бізге ем алуға келетіні және олардың ең құндысы - денсаулығын сеніп тапсыратынын біз түсінеміз.
Егер сізде емдеу / чекап туралы сұрақтарыңыз болса, дәрігердің пікірін білгіңіз келсе немесе Мейржан Туребаев және Дана Есеева тәрізді Оңтүстік Кореяла саяхаттағыңыз келсе, бізге жазыңыз! Біздің координатор сізге кеңес беруге дайын. Біздің ватсап + 7 702 500 46 91