​Будние дни / 10:00 –19:00
    • KZ
    • RU
    • KO
  • + 7 771 326 30 13 info@kazmedikor.com
  • қ. Алматы, көш. Ходжанов 2/2
Menu
  • Басты бет
  • Дәрігерлер
  • Ауруханалар
  • Блог
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Диагностика
Сұраныс қалдыру
  1. Басты бет
  2. Блог
  3. Кореяда қалай демалуға және өз денсаулығыңызды тексеруге болады

Кореяда қалай демалуға және өз денсаулығыңызды тексеруге болады

image description

15.05.2020 | Info Kazmedikor

Достар, Оңтүстік Кореяда қалай ем алу немесе диагностикаға бару үшін барлық үдерістің қалай өтетіні туралы кезең-кезеңмен айтып беретін уақыт келді. Сондай-ақ біз туристік қызметтерді ұсынамыз (гидтер, аудармашылар, туристік орындарға бару бағдарламасы).Достар, Оңтүстік Кореяда қалай ем алуға немесе диагностикаға бару үшін барлық үдерістің қалай өтетіні туралы кезең-кезеңмен айтып беретін уақыт келді. Сондай-ақ біз туристік қызметтерді ұсынамыз (гидтер, аудармашылар, туристік орындарға бару бағдарламасы).

Кореяда емделу

Сұраныс алғаннан кейін біз туристердің қалауына байланысты қонақ үйді таңдап, тапсырыс береміз, кеденде қиындықтар болмас үшін барлық қажетті құжаттарды дайындап береміз. Ұшып келгенде, әуежайда ыңғайлы трансфермен біздің үйлестіруші немесе жүргізуші күтіп алады. Арнайы сұраныс бойынша біз қалада ыңғайлы қозғалыс үшін әртүрлі санаттағы жеке көліктерге тапсырыс бере аламыз.

«Кореядағы қазақша бизнес» байқауының жеңімпаздары

Бірінші күн: Инчхон қаласының әуежайына келу - гид-аудармашымен кездесу. Егер, турист Сеул ауруханаларына баратын болса, сапар шамамен 1 сағатқа созылады. Біздің үйлестірушіміз қонақүйге тіркеуге көмектеседі және келесі күні барлық медициналық тексеруден өтуге кіріседі. Әдетте, Медициналық мекемеге жету ыңғайлы болу үшін ауруханаға жақын қонақ үйге орналасуды ұсынамыз. Егер сізге ұсынылған нұсқалар ұнамаса, онда біз ауруханаға жетуге ыңғайлы болатын көлікпен (такси, жеке көліктер) көмектесе аламыз. Түскі ас алдында, COEX көрме орталығына, қалалық кітапханаға, SM Tower-ке (K-pop тарихы орталығы) барып, түскі астан кейін экскурсиялық саяхатқа бара аласыз.

Starfield COEX Mall - Starfield кітапханасы - Сеул

Екінші күн: Таңдалған ауруханада тексеруден (Чекап) өту. Чекаптан соң Намсан мен Мёндонда серуен.
Намсаннан Сеул қаласына тамаша көрініс ашылады. Қаласаңыз, Намсан телемұнарасының өзіне баруға болады.

Намсан -  Сеул телемұнарасы

Мёндон - Сеулдің орталық сауда көшесі. Мёндонда көптеген мамандандырылған дүкендер мен бутиктер, сондай-ақ әмбебап дүкендер бар. Бұл дүкендерде сіз киім, аяқ киім және аксессуарлар сияқты түрлі өнімдерді сатып ала аласыз.

Мёндон

Үшінші күн: Кореяның тарихымен танысу.
Кванхамун алаңы мен патша Седжонг метросының мұражайын аралау. Кёнбоккун императорлық сарайы - Оңтүстік Кореядағы ең үлкен сарай кешені. Инсадонг ауданында шопинг және Нанта шоу.

 Кёнбоккун сарайы

Нанта шоу. Нанта - 4 аспазшы үйлену тойына дастархан дайындайтын алып ас үйдің көрінісі. Процесс барысында олар ас үй ыдыстарын, мысалы, кәстрөлдер мен табақтарды пайдаланып аспаптарда ойнайды. Билет құны бір адамға шамамен 30 долларды құрайды. Спектакльдің ұзақтығы - 90 минут. Біздің театрландырылған қойылымға қатысқан пациенттеріміздің бәрі шоуға тәнті болған.



Төртінші күн: Тексеру нәтижесі бойынша дәрігермен кеңесу. Барлық дәрі-дәрмектер мен дәрумендерді емханалардағы дәріханада сатып алуға болады. Ауруханадағы үйлестірушілер дәріханаларда дәрі-дәрмектерге тапсырыс беруге көмектеседі. Дәрігерден кеңес алғаннан кейін Lotte Tower-да серуен немесе сіз корейлік Диснейландта, аквариумда серуендей аласыз.

Корейлік диснейленд - Lotte World

Корея астанасының көрікті - Seoul Sky қарау алаңы - әлемдік аренада биіктігі бойынша 5-ші орынды алады және Кореяда ең биік ғимарат болып табылады. Seoul Sky 117 және 123 қабаттар арасында Lotte World Tower мұнарасында орналасқан. 500 м астам биіктікке көтерілгеннен кейін сіз Сеулдің керемет сұлулығын көресіз. Мұнда Мөлдір шыны еден Sky Deck шолу алаңы, Sky Terrace сыртқы бақылау палубасы,  фирмалық десерті бар кафе, лаунж, сувенирлік дүкен және тағы басқалар бар.

 Lotte World Tower

Бесінші күн: шопинг және әуежайға трансфер.
Сонымен қатар, біздің Кореядағы «Казмедикор» командасы Сізге Оңтүстік Кореяда болған уақыт ішінде әрдайым жақын адамдарыңызбен және туыстарыңызбен байланыста болу үшін портативті шағын интернет-роутерлерді тегін пайдалануға барлық мүмкіндіктерді ұсынады.

Мейіржан мен Дана О.Кореяда

Сеул жақсы таң қалдыруды біледі. Мұнда ежелгі және қазіргі заманғы, дәстүрлі және футуристикалық тәсілдер керемет түрде үйлеседі.
Тексеруденден немесе емделуден өткеннен кейін біз Кореяның барлық көрнекті жерлерін көріп, тарихымен танысу үшін арнайы қалалық тур өткіземіз.
Егер сіз тегін кеңес алғыңыз келсе, онда өз өтінішіңізді қалдыра аласыз және біздің кеңесшілеріміз сізге ыңғайлы уақытта сізбен хабарласады. Қазмедикорда, біз барлық адамдар үшін қолжетімді әлемдік деңгейдегі медицинаны жасаймыз.

Тегтер

  • Ерке Есмахан Оңтүстік Кореяда
  • Диагностика
  • Оңтүстік Кореяда ем алу
  • Мейржан Туребаев және Дана Есеева Оңтүстік Кореяда!
  • Оңтүстік Кореяда тексерілуден өту
  • Оңтүстік Кореядағы чекап
Алдыңғы мақала Қайрат Құдайберген Оңтүстік Кореяда медициналық тексеруден өтті Келесі мақала Kazmedikor (Казмедикор) компаниясының қызметтер пакеті

Санат

  • Бізге сенеді
  • Мақалалар
  • Пациенттердің пікірлері

Ұқсас мақалалар

  • Гүлжаухардың емделу тарихы : Оңтүстік Корея медицинасының арқасында қалқанша безі обырын (онкологиясын) жеңу

    16.08.2024 | Администратор

  • Неліктен жыл сайын check – up өту маңызды?

    18.01.2024 | Администратор

  • Марғұлан Сейсембай денсаулығын бізге сеніп тапсырады

    16.01.2024 | Администратор

Кездейсоқ тегтер

  • Оңтүстік Кореяда варикозды емдеудің түрлері
  • Корея коронавирусты жеңді
  • Кореяда маңдай мен қастарды тарту
  • Корея коронавирустың алдын алды
  • Склеротерапия

Кеңес алуға сұраныс қалдырыңыз

«Kazmedikor» координаторлары кез-келген сұрақтың жауабын табуға көмектеседі.
Сұрақтарыңызды қалдырыңыз, біз сізге міндетті түрде хабарласамыз!

Оңтүстік Кореяда емделу, диагностика және медициналық туризм

қ. Алматы, көш. Ходжанов 2/2
+ 7 771 326 30 13 (Казахстан)
info@kazmedikor.com

Пайдалы сілтемелер

  • Біз туралы
  • Блог
  • Байланыс
  • Дәрігерлер
  • Ауруханалар

СОҢҒЫ МАҚАЛА

  • Қайрат Құдайберген Оңтүстік Кореяда медициналық тексеруден өтті

    03.04.2020 | Администратор

    Қайрат Құдайберген Оңтүстік Кореяда медициналық тексеруден өтті

  • Бізге сенім артады.Әнуар Нұрпейісов Оңтүстік Кореяда толық тексеруден өтті.

    03.04.2020 | Администратор

    Бізге сенім артады.Әнуар Нұрпейісов Оңтүстік Кореяда толық тексеруден өтті.

2025 Kazmedikor - Барлық құқықтар сақталған

Scroll Top